«Атырау – адалдық алаңы» мектептердегі бопсалаумен күресуде

«Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің үш жылдағы жұмысының қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Альфия Әдиева атап өткендей, жобалық кеңсе жұмыс істеген уақыт ішінде ауқымды жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, білім және денсаулық сақтау мекемелерінде мониторинг ұйымдастырылып, күнделікті сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу мақсатында анонимді онлайн сауалнамалар жүргізіліп, азаматтарға құқықтық көмек көрсетілді.

– Егер осыдан 6-7 жыл бұрын көпшіліктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесі туралы түсінігі болмаса, қазір кез келген азамат жемқорлық фактісімен бетпе-бет келгенде қайда жүгінетінін біледі. Үш жылдық қызметімізде халық пен билік арасындағы көпір бола білдік. Білім ошақтарындағы өзекті мәселелердің бірі – ақша жинау. Біз көптеген мектептерде ата-аналар арасында заңсыз ақша жинауды тоқтатуға қатысты жиындар өткіздік. Осыған қарамастан, бүгінгі күнге дейін мұндай фактілерді кездестіруге болады, – дейді Альфия Әдиева.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT