Нұр-Сұлтан қаласында Атырау және Жамбыл облыстарының ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.
Атырау облысы делегациясын облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев бастап барды.
Атырау облысының тауар өндірушілері мен шаруа қожалықтарының қатынасуымен қала тұрғындарына 20 тоннадан астам ет, 36 тонна балық және балық өнімдері, 3 тонна сүт өнімі, 1 тонна шұжық өнімі, 90 тонна көкөніс өнімі, сондай-ақ 60 000 дана жұмыртқа, 0,5 тонна нан өнімі, 0,5 тонна ет консерві, 1 тонна макарон өнімі, 0,5 тонна ұн, жалпы көлемі 152 тонна өнім әкелінді.
Өнімдер Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі ұсынған баға мөлшеріне сәйкес сатылды.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай өткізіліп, екі күнге жалғасқан жәрмеңкеге келген бас қаланың тұрғындары өз ризашылықтарын білдірді.