Ашық бюджет ақиқаты

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына партиялық тізімі бойынша кандидат Анаргүл Әбенова Батыс Қазақстан облысының Теректі, Бөрлі және Шыңғырлау аудандары бойынша «Үгіт-насихат пойызын» іске қосты.

Өңірлерге сапар барысында Анаргүл Әбенова жергілікті сайлаушылармен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары жөнінде баяндап, жиналған қауымның сұрақтарына жауап берді. «Үгіт-насихат пойызы» аясында ЖСДП белсенділері еліміздің бірқатар өңірін аралап, сайлаушылармен кездесулер өткізді.

Кандидат партияның сайлауалды бағдар­лама­­сын­да білім беру саласының дамуына ере­кше көңіл бөлінге­нін атап өтті. Медицина және білім беру салаларына ІЖӨ-ден жылына ең кемі 5-7%-ды бөлу ұсынылған. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия өкілдері мұндай шара дәрігерлер мен мұғалімдер еңбекақысының банк қызметкерлері деңгейіне дейін көтеруге мүмкіндік беретінін айтты.

Кандидат мемлекет алдында тұрған басты мәселе жем­қорлыққа қарсы күрес екенін атап өтті. Оның пікі­рінше, ол үшін ең алдымен саяси реформаларды жүзеге асыру керек және мәжілістің рөлін күшейту керек.

«Ашықтық пен әділдікке негізделген азаматтық қоғам құру – қазіргі күннің басты талабы. Бұған бастайтын бірден-бір жол – жемқорлықты түп-тамырымен жою. Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қаншалықты нәтижелі атқарылып жатқанын нақты айту қиын. Мемлекет қаржысына қол сұққан шенеуніктердің темір торға тоғытылуы мәселенің шешіліп жатқанын аңғартпаса керек. Проблеманың себеп-салдарымен күресу маңызды. Реформалардың бірі бюджет процедураларын жетілдірумен айқындалады. Әр елді мекенде өзіне тиесілі ашық бюджет жасақталып, нақты уақыт режімінде онлайн түрде мемлекет қаржысының қалай және қайда жұмсалып жатқандығы ашық көрсетіліп отыруы керек. Сондай-ақ орталық және жергілікті атқару органдарында барлық деңгейдегі депутаттар мен шенеуніктердің кіріс-шығысы туралы міндетті жария декларацияны шұғыл түрде енгізу қажет», деді кандидат.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT