Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің айтуынша, биыл 247,9 шақырым жол жөнделіп, жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 78%-дан 83%-ға дейін өсті.
Жолаушыларға сапалы қызмет көрсету үшін автожол, авиа және теміржолмен тасымалдау салаларында да жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әуе қатынасын дамыту бағытында «Ашық аспан» режимі аясында 6 жаңа бағыт ашылды. Бұл көрсеткіш алдағы жылдары 10 бағытқа жетеді.
«Хиуаз Доспанова атындағы халықаралық әуежайды жаңғыртуға 2026 жылға 50 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылды», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Бұдан бөлек, Атырау қаласының теміржол вокзалы мен аудандардағы 9 теміржол вокзалы жаңғыртылуда.



