Арыста болған оқиғаға көмек қолын созамын десең...

Аудан-облысқа танымал кәсіпкер Р.Жұмалиев Махамбеттегі «Жаңа ауыл» мөлтек ауданында Избулов көшесі, №18 үйде орналасқан «Ар-цех» құрылыс дүкенінен бір бөлмесін Арыста болған жарылыстан зардап шеккендерге арнап, гуманитарлық көмек көрсету пунктін ашқанын фейсбуг желісінде хабарлаған еді.

Кәсіпкер алдымен «Нұр Отан» партиясы Махамбет аудандық бөлімшесіне, «Исатай-Махамбет» мешітіне хабарласқанын айтып, ауылдағы барлық үлкен жүректі, иманжүзді, қайырқомдық танытатын жомарт жандарды көмек қолын созуға шақырады.

Негізгі қажет заттар: гигиеналық өнімдер, консервілер және макарон, таза су, балаларға арналған киімдер мен көрпелер.

Ақпараттық байланыс үшін: 87760899111,87021899111.

Ол осы жиналған барлық көмек қорын Атырау қаласына апарып, жөнелтетін орынға өзі табыстайтынын айтты.

САУАПТА БОЛЫНЫЗДАР!

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521