Арыс тұрғындарын қайта құжаттандыру басталды

Қаладағы эвакуациялау пункттерінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мамандары зардап шеккендерге кеңес беріп, мемлекеттік қызметтердің көрсетілуін қамтамасыз етуде.

Сондай-ақ, жергілікті атқарушы билік органдарымен бірлесіп, қаладан құтқарылған және эвакуациялау орындарына жеткізілген адамдардың тізімін жасауға жәрдемдесуде. Бүгінгі таңда бұл жұмыстар Шымкент қаласында 15 және Түркістан облысының Ордабасы, Сарыағаш, Қазығұрт, Отырар, Шардара аудандары мен Арыс маңындағы ауылдары үшін 13 эвакуациялау орны жанынан арнайы ашылған пунктерде ұйымдастырылған.

Мемлекеттік корпорация қызметкерлері қажетті мемлекеттік қызметтерді көрсетіп, мобильді ХҚО жұмыс істеуде. Қызметкерлер зардап шеккендерге ақпараттық анықтамаларды алып беріп, құжаттарды қалпына келтіру бойынша қажетті қағаздарды әзірлеуде. Бұл ретте тұрғындарды құжаттандыру бойынша миграциялық қызмет басқармасымен жедел түрде ықпалдасу шаралары қолға алынған.

Материал ашық дереккөзден алынған

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.
Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

 

ZERO.kz

Яндекс.Метрика