Архивтің алғашқы қадамы

Кеңес үкіметі ыдырағаннан кейін еліміздің территориялық бөліктенуі, өзінің жеке әкімшілік-құрылымдық   бөлінуі-Тәуелсіздіктің  алғашқы қадамы деп есептеледі.    1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «ҚазКСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды.  Сол сәттен бастап егеменді Қазақстан өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде таныла бастады.  Қабылданған декларация Қазақстанның болашақ тәуелсіздігінің іргетасы саналды.

Бұл декларацияның қабылдануымен егемендегін  мәлім ететін жеке территориясы, азаматтығы , мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздеріміз де бекітілді.  Бұл күн мемлекет дәуіріндегі  ерекше дата.  Бұл құжат  Қазақстанның нағыз тәуелсіздікке апаратын құқықтық бастама болды.  Мен архив ісінің ардагері ретінде Тәуелсіздік алғаннан бергі уақытта архив ісі қалай жүргеніне тоқталғым келеді.  Жалпы архив деректері адамзаттың саяси тарихы, экономикалық, әлеуметтік даму құжаттарын жинайтын негізгі мекеме саналады.   Қазақстанда 218-ден астам республикалық, облыстық, аудандық архивтер бар.

Егемендік алып, өз алдымызға мемлекет болудың арқасында жаңа өмірдің талабына сай ауданда архив ісі мен құжаттама саласында ұлттық архив қорының құжаттарын жинақтауға, тұрақты сақтауға және пайдалануды жүзеге асыруда Махамбет ауданы әкімінің 1992 жылғы 3 қыркүйектегі №181 шешімімен құрылды.   Аудандық архивтің алғашқы директоры болып, аудан әкімінің шешімімен жергілікті ақын, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Сүндетқали Аманғалиев тағайындалды.   Кейін аудан әкімінің 1997 жылғы 22 сәуірдегі №419 шешімімен архив директоры Бағытжан Құлшәріпұлы Өміршин, 2001 жылғы 20 сәуірдегі №225 өкімімен  архив директоры Тыныштық Үмбеталиев тағайындалған.  1999 жылдың 31 желтоқсанында аудан әкімінің өкімімен аудандық мұрағатқа жаңа орын, бұрынғы «Агробанк» ғимараты берілді.    Ал аудандық архив  1999 жылдың 3 мамырында «Мемлекеттік мекеме Махамбет аудандық мұрағаты» болып, облыстық әділет басқармасынан тіркеуден өтті.   Сондай-ақ  11 шілде 2008 жылы «Махамбет аудандық мұрағаты» мемлекеттік мекемесі болып тіркелген.   Атырау облысы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің 6 желтоқсан 2013 жылғы №83/1-4 бұйрығына сәйкес,  2014 жылдың 22 қаңтарынан  Атырау облысы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының Махамбет ауданы мемлекеттік мұрағаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып, басқармаға қарады.   Сонымен қатар  Атырау облысы әкімдігінің 27 наурыз 2018 жылғы №65 қаулысына  сәйкес,  2018 жылдың 27 сәуірінен Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Атырау облысы мемлекеттік архиві» КММ-нің Махамбет аудандық филиалы болып, Әділет департаментіне тіркелген еді.  Мен де 2006 жылғы 28 ақпандағы  Атырау облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының бұйрығымен аудандық архив директоры болған едім.  Сегіз жылдай осы салада еңбек еттім.

Бүгінде архив саласында  Әсел Ғұмарова, Ақжарқын Жұмабаева, Инжу Айсина, Айнагүл Сисатова, техникалық қызметкер Айнұр Өтешқалиевалар біздің еңбегімізді жалғастырып  келеді.  

Аманкелді Андашев,  аудандық архивтің ардагері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT