Пандемия кезінде елімізде індет салдарын еңсеру Ұлттық қордың арқасында болғандығын Қ.Тоқаев өз Жолдауында атап өтті.
Сонымен бірге Ұлттық қорымыздың соншалықты шексіз еместігіне байланысты одан берілетін трансферттерді азайту қажеттігіне тоқталды. Мемлекет басшысының осы тапсырмасынан алға қарай аудан бюджетінің кірісін арт- тыруды, бюджет шығыстарының ауқымын және олардың тиімді жұмсалуын бақылауды күшейтуіміз қажет.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» жобасы шеңберінде мемлекет бюджетінен – 3086,3 млн теңге бөлініп 834 адам уақытша жұмысқа тар- тылды. Бұлардан басқа Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес өткен жылы пандемия кезінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізумен айналысатындарға қосылған құн салығы 2020 жылдың 1 қазанына дейін 8 пайыз мөлшерінде белгіленіп, жанар-жағар май өндірушілер акциз төлеуден, ал қоғамдық тамақтандыру және қонақ үй қызметімен айналысатындар мүлік салығынан боса- тылды. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері санатына жатқызылған салық төлеушілердің салық және әлеуметтік төлемдері бойынша төлеу мерзімі ұзартылды. Мемлекеттік меншіктен ны- сандарды жалға алып отырған кәсіпкерлер жалға алу ақысын төлеуден босатылды. Аудан бой- ынша осы жеңілдіктердің көлемі өткен жылы – 60,0 млн теңгені құрады. Жолдауда экономи- каны әртараптандыру, өндіретін тауарлардың түрін көбейтіп, экспорт географиясын көбейту жөніндегі жұмыстарды жалғастыру керектігіне назар аударылды.
Мемлекет басшысы Жолдауда «Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларының пандемия кезінде қосымша жұмыс орындарының ашылуына септігін тигізгендігін және осы бағдарламалардың мерзімін 2022 жылға ұластыру туралы шешім қабылданғандығын атап өтті. Осыған байланы- сты Қазақстан Республикасы Үкіметінің ағымдағы жылғы 21 мамырдағы № 337 қаулысымен бекітілген Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында облыс бойынша алдағы 2022 жылға бөлінетін қаржының көлемі – 3 456,6 миллион теңгені, оның ішінде сыйақы мөлшерін субсидиялау – 3 000 млн теңгені, кәсіпкерлердің кредиттерін кепілдендіру – 400,6 млн теңгені және жаңа бизнес идея- ларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру – 56,0 млн теңгені құрайды. Аудандық атқарушы органдардың басты міндеті осы бөлінген қаржыдан қаржыландырылатын аудан кәсіпкерлерінің үлесін арттыруды ұйымдастыру болып табылады. Ауданы- мызда күні бүгін «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша іске асырылатын жобалар аз. Ағымдағы жылы бұл бағытта Сарытоғай ауылында «Guryev» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің су есептегіш құралдарын өндіретін зауыт құрылысы ба- сталды. Алдағы уақытта осындай жобаларды көптеп қолға алуымыз қажет.
Қазіргі кезде ауданымыз көкөніс және бақша дақылдарымен облыстың 38 пайызын қамтамасыз етіп келеді. Дегенмен ауданымыздың осы өнім түрлерімен қыс кезінде қамту және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу мәселесі кенже қалып келеді. Бұл жағдай өз кезегінде азық-түлік бағасына айтарлықтай әсерін тигізуде. Осыған орай Атырау облысын әлеуметтік – экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес ауданымызда шағын және орта бизнес субъектілері арқылы 8,1 гектар жылыжайды және 10 гектар қарқынды бақты іске қосу міндеті тұр. Бұдан әрі Жолдауда көрсетілгендей аудан бойынша жем-шөп дайындауға қажетті жағдайлар жасауымыз қажет. Бұл бағытта Бейбарыс ауылдық округінде «Аг- рохолдинг» ЖШС арқылы 50 гектар жаңбырлатып суаруды қолдана отырып жем-шөп дақылдарын өсіру жобасы іске қосылмақ. Бұған қоса облысымыздағы ауа райының қолайсыздығына байланысты лимандар арқылы суармалы шөптің қорын жасақтау мәселесі тұр. Бұл бағытта ағымдағы жылы «7 ауыл – Айсары» және «Құрсай» суландыру каналдарының күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, кешенді жоспарға сәйкес 2022-2023 жылдары «Есбол – Қазыбай», «Бақсай», «Сборный» суландыру каналдары күрделі жөндеуден өткізіледі. Ветеринария саласы да Президент назары- нан тыс қалмады. Мал басының шығыны мен өнімділігі жергілікті ветеринарлардың тиімді жұмысына байланысты. Ауданымызда ветерина- рия саласындағы жұмыстарды шаруашылық жүргізу құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асыруда. Қазіргі уақытта кәсіпорын атқаратын мемлекеттік тапсырыс бағасының төмендігінен және жеке тұлғаларға көрсетілетін ақылы қызметтердің жоқтығынан өзін-өзі толық қаржыландыра алмай келеді. Осыған байланысты ветеринария жүйесіне реформалау бойынша шара- лар қабылдау кезінде Үкіметке кәсіпорын көрсететін мемлекеттік тапсырыс бағасын, оның қызметін толық қаржыландыруына мүмкіндік беретін деңгейге көтеру немесе кәсіпорынды толықтай бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемеге немесе қазыналық кәсіпорынға айналдыруды ұсынуымыз қажет. Аудандағы
ауыл шаруашылығында жұмыс атқаратын жерді өңдеуге және өнімді өндіруге техникалар тапшы. Жаңа техника сатып алуға олардың бағасының қымбаттығына байланысты шаруа қожалықтарының қаржылық мүмкіндігі жоқ. Бұл бағытта Жолдауда Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы технологияларының 90 пайызының ескіргенін және оларды жаңарту қажеттігін атап өтті. Сондықтан ауыл шаруашылығымен айналыса- тын шағын және орта бизнес субъектілеріне жаңа техникалардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін Үкімет тарапынан мақсатты субсидиялауды ұсынуымыз қажет. Цифрландыру мәселесі бой- ынша да бірнеше тапсырмалар берілді. Бұл бағытта аудандағы жергілікті органдар атқаратын міндеттер ауқымды. Алдағы уақытта аудандық атқарушы орган- дар көрсететін 75 мемлекеттік қызметтің цифрлық форматқа көшірілмеген 20 немесе 27 пайызын көшіру міндеті тұр. Бұған қоса мемлекеттік қызметтердің азаматтарға смартфон арқылы қолжетімді бо- луын қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуіміз керек-ақ.
Қапиз ЛҰҚПАНОВ,
аудандық экономика және қаржы бөлімінің экономика және мемлекеттік қызмет көрсету секторының меңгерушісі