Қарақат Шымкент жұртшылығымен кездесті

Президенттікке кандидат Қарақат Әбденнің ел өңірлеріндегі сайлауалды сапарлары жалғасуда.

Кеше кандидат Шымкент қаласының сайлаушыларымен жүздесіп, өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды. ​Қала тұрғындары, туристік сала мамандары, қазақ ұлттық тағамдарына негізделген мейрамханалардың өкілдері мен кәсіпкер әйелдер қатысқан кездесу барысында қоғамдағы өзекті мәселелер мен туризмді дамыту сұрақтары талқыланды.

​«Шымкент қаласының ішкі және сыртқы туризмді дамытуда әлеуеті өте зор. Жаңа жұмыс орындарының ашылуы мен инфрақұрылымның жақсаруы – бұл туризмді дамытудың бір ғана қыры. Осы саланы жетілдіру арқылы біз еліміздің ұлттық және тарихи-мәдени құндылықтарын кеңінен насихаттай аламыз. Қазақ ұлттық тағамдарын жаңғыртып, туристерді қызықтырудың ең ұтымды бағытын дамытып жүрген кәсіпкерлердің де бастамаларына қолдау көрсету керек»,- деді Қ.Әбден. ​

Сайлаушылармен кездесуден кейін кандидат өңірдің тыныс-тіршілігімен танысып, қалада өтіп жатқан «Көксарай» футбол турнирінің жеңімпаздарымен кездесті. Өзінің құттықтау сөзінде Қарақат Әбден бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтын насихаттаудың маңызын ерекше атап өтті. ​Бұдан бөлек, кандидат аймақтағы сайлауалды штабының өкілдерімен жүздесіп, үгіт-насихат жұмыстарының нәтижелерімен танысты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT