Анкарада Қазақстан Президентінің Жолдауы талқыланды

Анкараның АНКАСАМ зерттеу орталығында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды, деп жазады Egemen.kz.

Жиында Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Президенттің Жолдауына қатысты «Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауы: жүйелі реформаларды жалғасы» тақырыбында баяндама жасады. АНКАСАМ зерттеу орталығының басшысы профессор, доктор Мехмет Сейфеттин Эрол Түркия мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық одан әрі жалғасын табатынына сенім білдірді.

«Мықты Қазақстан – мықты түрік әлемі. Ол күш түрік әлемінің геосаясатының тірегі. Анкара-Нұр-Сұлтан осы геосаясаттың негізгі осін құрайды», деді Түрік әлемінің болашақта кең географияда маңызды рөл атқаратынына назар аударған Эрол. Жиынға АНКАСАМ ұжымы мен БАҚ өкілдері қатысты.

 

egemen.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT