АМӨЗ мамандары тасқынның екінші кезеңіне дер кезінде әрекет ету үшін су деңгейін бақылауда ұстауда

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС 25 сәуірде су тасқынына қарсы жоспарланған іс-шараларды аяқтады. АМӨЗ бен мердігер компаниялардың жұмылдыру тобы қаланың түрлі аудандарында және қала маңында жалпы ұзындығы 8 953 метрді құрайтын бөгеттер тұрғызды.

Жағалауды нығайту жұмыстары аяқталған сәттен бастап Томарлы елді мекеніндегі учаскеде «АМӨЗ» ЖШС мамандары тарапынан су деңгейіне күнделікті бақылау жүргізіліп келеді. 

Қазіргі таңда Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты Томарлы елді мекеніндегі бөгетті нығайту жұмыстары жүргізілуде. Дамбыны нығыздауға қажетті топырақ елді мекеннен әкелініп жатыр.  Жұмыстарға 2 КамАЗ-самосвал, трактор-экскаватор және фронталды тиегіш тартылды. Учаскеде әкімдік өкілдері, әскери қызметкерлер, еріктілер мен жергілікті тұрғындардың қатысуымен тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.

Тасқын суының зауыт аумағына келу қаупін бағалау үшін Соколок каналы аймағында да су деңгейі күнделікті бақылануда. Зауыт тарапынан арнайы техника бөлініп, күнделікті кезекшілік ұйымдастырылған. 

Төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою мақсатында жеңіл автокөліктер, автобустар мен арнайы техника жоғары дайындық режиміне келтірілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT