АМӨЗ-де аруларға құрмет көрсетілді

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Атырау мұнай өңдеу зауытында қызмет ететін қыз-келіншектер құрметке бөленді.

М.Асаубаева атындағы креативтік орталықта ұйымдастырылған салтанатты шарада сөз алған кәсіпорын бас директорының орынбасары-бас инженер м.а Еркін Сүлейменов нәзік жандыларды мерекемен құттықтап, күрделі өндірісте ер адамдармен қатар қызмет атқарып, зауыттың дамуына айрықша үлес қосып жүрген әйелдердің еңбегін ерекше атап өтті. Е.Сүлейменов қыз-келіншектерге мінсіз қызметтері үшін алғыс айтып, жұмыстарына табыс тіледі.

Салтанатты жиын барысында зауыттың 34 қызметкері кәсіпорынның бас директорының міндетін атқарушы, зауыттың кәсіподақ ұйымының төрағасы, Атырау облыстық мәслихат төрағасы, сондай-ақ облыс және қала әкімдерінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Мерекелік іс-шара қазақстандық танымал өнер ұжымының концертімен жалғасты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT