«AMANAT» партиясының кезектен тыс ХХІV съезіне Атырау облысынан делегаттар сайланды

Бүгін «AMANAT» партиясының облыстық филиалының кезектен тыс XXXV конференциясы өтті. Күн тәртібінде партияның Саяси тұғырнама жобасы талқыланып, 6 қазанда кезектен тыс өтетін XXIV съезге қатысатын делегаттарды сайлау мәселесі қаралды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Төралқа құрамында аймақ басшысы Серік Шәпкенов және партия филиалының саяси кеңес мүшелері, партия ардагерлері, мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен «Жастар рухы» Жастар қанатының мүшелері қатысты.

Кезектен тыс өткен XXXV конференциясына қатысушылардың қатарында облыстық партия филиалымен сайланған 100 делегат та бар. Оның 30 пайызы – әйелдер. Сонымен қатар конференцияға 1 өзге ұлт өкілі сайланған.

Делегат құрамында қоғамның барлық саласын, яғни: 9% өндіріс, 14% білім беру, 5% денсаулық сақтау, 37% мемлекеттік ұйымдарды қамтиды. Ал 22%-ы бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен 13%-ы партия ардагерлерінен құралған.

Мандат комиссиясы конференция делегаттарының өкілеттігін күшінде деп танып, хабарламаны бекітуге ұсыныс енгізді.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Исатай аудандық партия филиалы Саяси Кеңесінің мүшесі, партия ардагері Лиза Мутянова, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті әлеуметтік мәселелер және жастармен жұмыс жөніндегі бөлім меңгерушісі Бекарыс Закария, IT-мектеп лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гауһар Нәдірқожа баяндама жасап, Саяси тұғырнама жобасына ұсыныс жасады. Олар тіл саясатын дамыту, бюрократиядан арылып, цифрлық жүйеге өтуді тездету, ауыл жастарына арналған бағдарлама жасақтау сынды мәселелерді ортаға салды.

- «AMANAT» партиясының Саяси тұғырнама жобасында жастардың дамуына ерекше басымдық берілген. Бүгінде жастардың басым бөлігі өз болашағын мегаполистермен байланыстыратыны жасырын емес. Алайда, ауыл – халқымыздың бесігі. Сондықтан жастарды қолдауға бағытталған бағдарламаларды тек үлкен қалалармен шектелмей, ауыл жастарына дейін жеткізу қажет деп есептеймін,-деді Гауһар Нәдірқожа.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Атырау облысынан «AMANAT» партиясының кезектен тыс ХХІV съезіне қатысатын 27 делегаттың тізімін облыстық партия филиалының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің басшысы Ерлан Үбіғалиев жариялады.

РЕСПУБЛИКА КҮНІ

2

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Жайық суын молайту үшін не істеу керек?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.
Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

 

ZERO.kz

Яндекс.Метрика