Алтынай Рахметова – «АрнаулыАвтобаза» ЖШС-нің сол жағалау бойынша бөлім басшысы. 47 жастағы нәзік жанды жұмысқа бармас бұрын, таңғы сағат алтыда тұрып, үйдің тірлігін жасайды екен. Себебі, оның ойынша әркім тазалықты өз ауласынан бастаған дұрыс.
-Мекемеге 2012 жылы қарапайым жұмысшы болып келдім. Содан бері 12 жыл осы салада еңбек етудемін. Біздің қызметкерлер таңғы 7:00-де өздеріне белгіленген жерге келіп, кешкілік 18.00-ге дейін тазалықпен айналысады. Аптасына бір күн демаламыз. Қыста желдің ызғарында, қалың қарды тазалау оңай емес. Ал, жазда өздеріңіз көріп тұрғандай - күннің ыстығына қарамастан еңбек етуде. Бірақ тазалық бәріміз үшін керек. Өйткені, ол – денсаулық пен мәдениеттің кепілі. Бұл еңбегімізге тұрғындар жиі алғыс айтып жатады. Халықтың ықыласынан артық не бар?- деді А.Рахметова.
Ол екі қыз, бір ұл өсіріп отырған ана. Тәрбие -тал бесіктен демекші, осы салада жұмыс жасағандықтан, баларына қаланы ластамауды, қоқыстарды арнайы шәшікке салу керек екенін үнемі айтып отыратынын жеткізді.
А.Рахметованың қарамағында 26 жұмысшы, 2 бригадир және 4 техника бар. Олар Дамбы, Амагелді, Құрманғазы, Қызылбалық, Жаңаталап, Зарослый ауылдарының тазалығы үшін қызмет етеді.