Алмалы мен Берекеде заманауи үлгідегі амбулаториялар пайдалануға берілді

Бүгін Атырау қаласына қарасты Алмалы және Береке ауылдарында заманауи үлгідегі жаңа дәрігерлік амбулаториялар пайдалануға берілді. Бұл нысандар – тұрғындармен кездесулерде жиі көтерілген өзекті мәселенің нақты шешімі.

1cae2a5c a974 4402 b78c 011534f9d6fb 1

Салтанатты ашылу рәсімінде Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкін ауыл халқын маңызды әлеуметтік нысанның іске қосылуымен құттықтап, бұл бастаманың ел денсаулығын нығайту жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті.

f16b59f1 7d81 46e5 b630 fa413632331d

-Жаңа жанұялық амбулаториялар – халықтың көптен күткен арманы. Тұрғындармен әр кездесуде бұл мәселе көтеріліп келді. Халықтың саулығы – басты байлық. Сондықтан алғашқы медициналық көмектің қолжетімді болуы – біздің негізгі міндетіміз. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады, — деді қала әкімі.

f5f2febd d638 4eb0 8bc2 ff3881c5bbc5

Жаңа амбулаториялар медициналық көмекті уақытылы әрі сапалы алуға мүмкіндік береді. Мұнда дәрігерлік қабылдау, профилактикалық тексерулер, ана мен бала денсаулығын бақылау, вакцинация және жедел көмек көрсету қызметтері қарастырылған. Амбулаториялар тәулігіне 25 науқас қабылдауға қауқарлы.

919a1648 72fe 4e80 9270 9b9ff0500c4e

Өңірде денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Соңғы жылдары ондаған медициналық нысан пайдалануға беріліп, халыққа көрсетілетін қызметтің сапасы мен қолжетімділігі артып келеді. Бұл – мемлекет пен жергілікті биліктің тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған жүйелі жұмысының айқын көрінісі.
Мәселен, 2023 жылы облыс бойынша 10 медициналық нысан пайдалануға берілді.

f75c6ee6 e100 4b3a bcea df276082d827

Олардың қатарында “Береке” шағынауданындағы амбулатория, Махамбет, Жылыой, Құрманғазы және Қызылқоға аудандарындағы медициналық пункттер мен ауруханалар бар. Соның үшеуі «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында іске асырылды.

e1a2dadc b8e1 41e2 ba82 216fc5853eac

Облыста 2024 жылы тағы 17 медициналық нысан ел игілігіне берілді. Ұлттық жоба шеңберінде жоспарланған 15 нысанның 10-ы толық аяқталып, қалған 5 нысан биыл пайдалануға берілді.

33d792de 2d37 48f7 a635 a982f35f8609

Қазір аймақта ауқымды құрылыс жобалары жалғасуда. Атырау қаласының «Нұрсая» және «Өркен» шағынаудандарында бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емханалар, үш қосалқы станциясы бар жедел медициналық жәрдем станциялары, облыстық онкологиялық диспансер жанындағы радиологиялық корпус, сондай-ақ Алмалы мен Береке ауылдарындағы жаңа амбулаториялар бой көтеруде.

e21168d7 e5ba 442c 8316 5f6748086f1e

Бұдан бөлек жаңа онкологиялық диспансер, психикалық денсаулық орталығы, облыстық аурухана, перинаталдық орталық, көпбейінді балалар ауруханасы, оңалту орталықтары мен ауылдық амбулаториялар желісін дамытуға арналған бірқатар стратегиялық нысандардың жобалық-сметалық құжаттамасы дайын.

Мәлике ҚУАНЫШЕВА
Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT