Туыстарына қатысты алимент төлеу - азаматтың міндеті.
Махамбет аудандық сотында әкімшілік іс қаралды. Сотта анықталғандай, құқық бұзушы С. 25.07.2014 жылғы Н. пайдасына кәмелетке толмаған балаларға ай сайын еңбек ақысының немесе өзге кірістерінің екіден бір мөлшерінде алимент өндіру жөніндегі сот бұйрығын орындамаған.
Атырау облысы Әділет Департаментінің Махамбет ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімінің аға сот орындаушысы құқық бұзушы С. атқару құжатына сәйкес сот актісін орындау туралы ескерту берілгеніне қарамастан ол сот актісін орындаудан жалтарған.
Сот қаулысымен құқықбұзушы Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 669-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды. Сот қаулысы заңды күшіне енді.
Аудандық сотының баспасөз қызметі
Сурет:дереккөз