Алимент төлеуден бұлтарған әке қамаққа алынды

Әкенің баласы алдындағы берешегі 4 миллион теңгеге жуықтаған. Бұл туралы аудандық соттың баспасөз қызметі хабарлайды.

Алимент төлеуден жалтарып жүрген Махамбет ауданының тұрғыны сотпен жауапқа тартылды. Борышкер 1 тәулікке қамалған.

Іс материалына сәйкес құқық бұзушы А.А. Атырау облысы Махамбет аудандық сотының 2014 жылғы 25 шілдедегі Б.Т-ның пайдасына кәмелетке толмаған балаларға ай сайын еңбек ақысының немесе өзге кірістерінің тең жартысы мөлшерінде алимент өндіру жөніндегі сот бұйрығын орындамағаны айтылады. Салдарынан бережақ мөлшері 3 962 239 теңгеге жетіп тұр.

Сот отырысында «WhatsApp»-желісі арқылы байланысқа шыққан А.А. өз түсініктемесінде әкiмшiлiк құқықбұзушылық жасағанын мойындамай, жұмыс жасамайтынын, қазіргі уақытта ешқандай табыс көзінің жоқтығын, жұмыс жасаған кезде алимент төлегенін атап көрсеткен.

Соттың қаулысымен азамат А.А. әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 669-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны бойынша кінәлі деп танылып, оған 1 (бір) тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза қолданылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT