ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Атырау облысына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовпен бірге Теңіз кен орнына барып, «Теңізшевройл» ЖШС болашақтағы жобаларымен танысты.
Мұнай-газ кешенін биіктіктен қараған Алик Шпекбаев пен Махамбет Досмұхамбетов Теңіз кен орнында болашақ кеңейту жобасының құрылысымен танысты. «Тенгизшевройл» ЖШС болашақ кеңейту және сағалық қысымды басқару жобаларының директоры Мик Крэйли жұмыстың жоспарға сай жүріп жатқанын айтты. БКЖ 2023 жылдың ортасында іске қосылады, ал сағалық қысымды басқару жобасы 2022 жылға жоспарланған.
Болашақ кеңейту жобасы Теңізде шикі мұнай өндіру көлемі жылына 12 млн тоннаға немесе тәулігіне 260 мың баррельге артып, жылына 39 млн тоннаға жетеді.
Құрылыс нысандарын аралау барысында агенттіктің төрағасы Алик Шпекбаев пен облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов әлемдік деңгейдегі ірі энергетикалық жобалардың бірінің құрылысымен танысты.
ТШО өкілдері құрылыс-монтаж жұмыстарының технологиялық қиындығын айтып, өндірістік қауіпсіздікке ерекше мән беріліп отырғанын атап өтті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство басшысы Алик Шпекбаев компания өкілдеріне құқық бұзушылықтар немесе сыбайлас жемқорлық тәуекелдері болған жағдайда тікелей хабарласуға болатынын атап өтті.
Өңірлік коммуникациялар қызметі
Сурет:ӨКҚ