Аудандық сотта ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73 бабының 1 бөлігімен азамат М-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сотпен анықталғандай, азамат М. 2019 жылы өз үйінде әкесі Т-ға сыйламаушылық көрсетіп, былапыт сөйлеп, тыныштығын бұзған. Сот отырысында М. өз түсініктемесінде әкесімен татуласқанын, ол жөнінде судья медиатордың қатысуымен медиациялық тәртіпте татуласу туралы жазбаша келісім жасағанын, сол себепті өзін әкімшілік жауаптылықтан босатуды сұраған.
Сот отырысында жәбірленуші Т. ұлы М -мен татуласқанын, ол жөнінде судья медиатордың қатысуымен медиациялық тәртіпте жазбаша келісім жасағандарын, сол себепті іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуды сұраған.
Сот қаулысымен М-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 73 бабының 1 бөлігіне сәйкес қозғалған әкімшілік іс бойынша іс жүргізу жәбірленуші М-мен әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлғамен татуласуына байланысты тоқтатылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі
Сурет:дереккөз