Қайыржан МАЖИЕВ, Махамбет аудандық мәслихат хатшысы: «Еліміздің болашағы үшін дауыс бердім»

Махамбет аудандық мәслихат хатшысы Қайыржан Мәжиев жолдасымен бірге О.Шонаев атындағы орта мектебінде орналасқан №218 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.

Мәслихат хатшысы бұл саяси науқанның маңызы зор екендігін айтады.

- Осы сайлаудан кейін жаңадан сайланған Президенттің жанына бәріміз тоғысуымыз керек. Алыс-жақын шетелдердегі саяси ахуалдың біздің елімізге салқыны тимеуі үшін бар күш-жігерімізді жұмсауымыз қажет. Біздің халық елімізде болып жатқан саяси жағдайларға ешқашан немқұрайлы қараған емес. Бұл жолы да халқымыз белсенді болып, еліміздің болашағы үшін дауыс береді деп сенемін. Мен де өз даусымды беруге келіп тұрмын",- дейді Қ.Мажиев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT