АЭС бойынша референдум өткізуге қанша қаржы жұмсалмақ?  

Орталық референдум комиссиясы АЭС бойынша референдумға жұмсалатын қаржының алдын ала сомасын жариялады.

Комиссия мүшесі Сабила Мұстафинаның айтуынша, бүгінде алдын ала смета әзірленді. Оған сәйкес, алдағы референдумға 15,5 млрд теңге қажет болады. Бұл туралы Sputnik Қазақстан жазады.

"Бұл – алдын ала смета. Бүгін біз оны үкіметке жібереміз, қаржы министрлігі қарайды. Осы соманы қалдыра ма, жоқ па, әзірше белгісіз. Үкімет сметаны бекітуге тиіс",-деді Мұстафина комиссияның бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша, референдумға бөлінетін қаржының 70 проценті жалақыға жұмсалады, қалғаны - ұйымдастырушылық шығын. Ал комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіров әрбір теңгеге бақылау болады деп сендірді. Жұмыс істеген адамдар ғана ақша алады.

Комиссия мүшелері 15,5 млрд теңгені қалай есептеп шығарғанын да түсіндірді. Олардың айтуынша, 2022 жылғы референдумға 16 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген болатын. Бірақ 1 млрд теңгесі үнемделді. Осы тәжірибені ескере отырып, бұл жолғы сметаға 15,5 млрд теңгенің шығыны енгізіліп отыр.

Фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT