«Ақтөбе-Атырау-Астрахан» тасжолының кейбір бөлігіне уақытша шектеу қойылды

Сәуір айының 1-і күні сағат 17.30-дан бастап, Ақтөбе облысы аумағында А-27 «Ақтөбе-Атырау-Астрахан» күрежолының белгілі бір бөлігінде қозғалысқа шектеу қойылады.

Бұл туралы ATPress.kz облыстық төтенше жағдай департаментіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 

«Республикалық маңызы бар автожолдың 246-330 шақырымы аралығын су шаюына байланысты А-27 «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» тас жолымен Ақтөбе облысының аумағына шықпауларыңызды сұраймыз. 

Сағат 18.00-ден бастап, автокөліктің барлық түрлері үшін А-27 «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» Республикалық маңызы бар автожолының 330-337 шақырымында (Қызылқоға ауданы Сағыз ауылы - Ақтөбе облысының шекарасы) қозғалыс жабылды» делінген хабарламада.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT