84 жастағы ауыл ақсақалы таңдауын жасады

Махамбет аулының байырғы тұрғыны, зейнеткер Хабиров Фарид ақсақал да бүгін аяқтай келіп сайлуға өз дауысын беріп кетті.

Қария жасына қарамастан, көлік жүргізеді, газет-журналды үзбей оқиды, елдегі саяси жаңалықтар мен өзгерістерге бей-жай қарамайды. Бұл жолы да өзінің азаматтық пікірін білдірмекке №215 сайлау учаскесіне келіп, наурыз көже мен дәмнен ауыз тиіп, таңдауын жасап кетті. Ұлты өзге болса да, тілі қазақ,  тілегі қазақ деп тұратын осындай қарттарымызды қатары азаймасын дейміз. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT