Еңбек ардагері Сұпығалиева Зылиқа Құбашқызы саналы ғұмырын канал мекемесінде еңбек етуге арнаған.
Бүгінде зейнеткер аяғы ауыратын болған соң үйден алысқа шықпаймын дейді.
“Бүгін ертемен тұрып, сайлаушы жәшігін күтіп отыр едім. Мұндай маңызды күні менің де дауыс беруім керек-қой деп балаларды мазалап отырғанмын.Келгендеріңе бек рахмет!”-деп ақ жаулықты апамыз алғысын жаудырды.