60 МЛН. ТЕҢГЕ ҚАРАЖАТ ЗАҢСЫЗ ЖҰМСАЛУЫНА ЖОЛ БЕРІЛМЕДІ

2024 жылдың 15 ақпанында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің отырысында
Мақат аудандық білім бөлімінің басшысының тәртіптік ісі қаралды.

Лауазымды тұлға басқа кәсіпкерлердің мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысу мүмкіндіктерін шектей отырып, нақты бір ғимараттың 60 млн. теңгеге сатып алынуы үшін жапсарлас орналасқан ғимаратқа техникалық ерекшеліктерін заңсыз сәйкестендіру арқылы, нақ сол ғимаратты сатып алуға конкурс жариялағаны анықталған.

Осылайша, бөлім басшысы тарапынан мемлекеттік сатып алу заңнамасы талаптары өрескел бұзылғандығы Әдеп жөніндегі кеңесте айтылды.

Сонымен қатар, Құрманғазы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысының толық аяқталмаған нысанды заңсыз қабылдап алу арқылы мердігер мекемеге заңда көзделмеген артықшылықтар көрсеткені анықталған.

Осыған сәйкес, Әдеп жөніндегі кеңестің шешімімен аталған лауазымды тұлғаларға заңнамада көзделген тәртіпке сәйкес мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтарға жол бергені үшін «ҚЫЗМЕТКЕ ТОЛЫҚ СӘЙКЕС ЕМЕСТІГІ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ» түріндегі жаза қолдану туралы ұсыныс енгізілді.

Бұдан бөлек, кеңесте ҚР Мемекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен жүргізілген Атырау облысындағы жергілікті атқарушы  органдардағы Әдеп жөніндегі уәкіл функциясы жүктелген тұлғалардың 2023 жылдағы атқарған қызметтерінің нәтижесі мен оларды бағалау қорытындылары бойынша рейтингісі баяндалды.

Сондай-ақ, ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің және  Атырау облысы Білім беру басқармасының мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы бағытындағы есептері тыңдалып, Әдеп жөніндегі кеңеспен тиісті ұсыныстар берілді.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT