60-қа жуық құрманғазылық педагог STEM Hanym жобасына қатысты

“ USTEM Foundation" қоғамдық қоры "Samruk-Kazyna Trust" корпоративтік қоры мен "ExxonMobil" компаниясының қолдауымен ғылым, технология, инженерия және математика саласындағы әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған бірегей STEM Hanym білім беру бастамасы Атырау облысында іске қосылған болатын.

29 қыркүйекте Атырау облысының бес өңірінен, атап айтқанда Атырау және Құлсары қалаларынан, сондай-ақ Мақат, Құрманғазы және Махамбет ауылдарынан 300 әйел үшін күндізгі оқыту басталды. Құрманғазы ауданында 6-10 қазан аралығындағы 5 күндік оқуда 60-қа жуық педагог қатысты. Бұл бағдарлама STEM бағыттарында дамып, білімін өскелең ұрпақпен бөліскісі келетін әйелдерге жаңа мүмкіндіктер ашуға арналған. Ұйымдастырушылар жобаға деген қызығушылық өте жоғары болғанын айтады. Жалпы саны мыңнан астан әйелі өтініш беріп, оның ішінен онлайн іріктеу кезеңінің нәтижесінде ең ынталы 300 қатысушы іріктеліп алынған. Олардың арасында педагогикалық факультеттердің студенттері, жұмыс істеп жүрген мұғалімдер мен балабақша тәрбиешілері, көпбалалы аналар, мүгедектігі бар әйелдер және ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған аналар бар. Бағдарламаның қарқынды форматына 30 сағаттық семинарлар мен хакатон кіреді, бұл қатысушыларға теориялық білімді ғана емес, сонымен қатар командалық режимде жобалармен жұмыс істеу арқылы оны бірден практикада қолдануға мүмкіндік береді. Курс әлемде танымал, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 514 бұйрығына енген FIRST халықаралық әдістемесіне негізделген. Бұл әйелдерге LEGO Education жиынтықтарымен жұмыс істеуді және роботтарды бағдарламалау негіздерін үйренуге, сыни және инженерлік ойлауды дамытуға, сондай-ақ командада жұмыс істеу және нақты жаһандықмәселелерді шешу сияқты маңызды дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді. Бағдарлама қорытындысы бойынша ең талантты түлектер FIRST LEGO League жарыстарына қатысу үшін жеке жиынтықтар алады. Бұл оларға білім алуды жалғастыруға, жас инженерлер командаларын құруға және республикалық, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі болашақ жарыстарға дайындалуға мүмкіндік береді.

-STEM Hanym – бұл әйелдердің ғылым мен технология саласындағы мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған бірегей бастама. Біздің басты мақсатымыз – Атырау облысында 300 сертификатталған жаттықтырушы дайындау. Олар мыңдаған оқушыны инженерия мен робототехника әлеміне тартады. Біз оларды робот құрастыруға ғана емес, сыни және инженерлік ойлауға үйретеміз. Олар бағдарламалау, 3D-модельдеу негіздерін меңгеріп, LEGO Education-ды нақты мәселелерді шешу құралы ретінде қолдануды үйренеді. Ең бастысы – осы білімді балаларға қалай жеткізу керектігін үйренеді. Олардың хакатондардағы креативтілігі мен білімге деген ұмтылысы таңғалдырады. Олар – өз мектептеріндегі STEM-білім берудің болашақ көшбасшылары. Нәтижесінде, мыңдаған бала сапалы STEM-білім алып, халықаралық жарыстарға дайын болады, -дейді "USTEM Foundation" баспасөз хатшысы Мадина Мадреймова.

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT