50-ге жуық көлік айыппұл тұрағына қойылды

Атырау облысында айыппұлын төлемеген 50-ге жуық жүргізушінің көлігі арнайы тұраққа қойылды. Көліктің 29-ы Ресей Федерациясында, 13-і Армения Республикасында тіркелген. Бұл туралы хабарлайды ҚазАқпарат Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Облыс аумағында 8 - 16 ақпан аралығында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі. Шара кезінде камера көмегімен анықталған жол ережесін бұзу фактісі бойынша салынған әкімшілік айыппұлды өндіру, тиісті органдармен бірлесіп, борышкерлерді анықтау , айыппұлды төлеу қажеттігі туралы рәсімделген нұсқаманы құқықбұзушыларға тікелей тапсыру жүзеге асырылады», делінген хабарламада.

Екі күні ішінде полиция 50-ге жуық айыппұлын төлемеген жүргізушіні анықтап, көліктерін айыппұл тұрағына жеткізді.

Осының ішінде 20-ға жуық автокөлікті «Автоураган» көшпелі кешені анықтады. Сондай-ақ, айыппұлы бар жүргізушілерге оның төлеу қажеттілігі туралы рәсімделген 130 нұсқама тікелей тапсырылды.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT