Бұл қаржылай көмек алдымен жалақысы сақталмайтын еңбек демалысына жіберілген азаматтарға беріледі.
Төлем алу үшін төтенше жағдайға дейін соңғы бір жылда, кемінде 3 ай қызметкерге әлеуметтік сақтандыру қорына аударым жасалған болуы керек;
Бұл әлеуметтік төлем тек орта, шағын және кіші бизнес саласында жұмыс істейтін азаматтарға ғана төленеді. Жаңа әлеуметтік төлемді алу үшін жұмыс беруші жергілікті жұмыспен қамту мекемесіне жүгінуі керек.
Жұмыс беруші аталған мекемеге төтенше жағдай кезінде кәсібі шектелуіне байланысты қызметкердің табысы азайғанын дәлелдейтін құжаттарды өткізуі тиіс.(ақысы төленбейтін демалысқа жіберу туралы бұйрық).
Осыдан кейін халықты жұмыспен қамту штабы жұмыс берушіге әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім қабылдайды.
Шешім шыққаннан кейін азаматтарға арналған үкімет мекемесінің жергілікті бөлімшесі нақты тізім жасап, мемлекеттік қордан тізімдегі азаматтарға ақшалай көмек аударылады.
Әлеуметтік төлем қызметкердің ақысыз демалыста болған мерзіміне төленеді, бірақ бұл мерзім төтенше жағдай мерзімінен артық болмауы керек.
Қосымша өзгерістер болып жатса, хабарланады.
М.Сейтқалиев,
аудан әкімінің орынбасары