Қазгидромет 4 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан аумағының басым бөлігі антициклон жоталарының ықпалында болғандықтан, ашық жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Тек еліміздің батысы және шығысында жоғары жыралардың әсерінде жаңбыр жауады, батыста кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Республиканың кей жерлерінде желдің күшейюі күтіледі.
Манғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл күтіледі. Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Шығыс Қазақстан, күндіз Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с. Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-23 м/с күшейеді.
Күндіз Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысында, Қарағанды облысының оңтүстікте қатты ыстық күтіледі.
Атырау облысында, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Сурет:дереккөз