4 ақпаннан бастап әрбір сайлау учаскесі бойынша тізімдер көпшілік назарына ұсынылады

Әрбір азамат сайлау тізіміне бір рет енгізіледі.

Тізімдердегі сайлаушылардың қайталануын болдырмау үшін ОСК барлық өңірдегі мәліметтерге қосымша талдау жүргізеді.Егер қайталанған деректер анықталса, онда ОСК өңірдердің жергілікті атқарушы органдарына тізімдерді ретке келтіруді тапсырады.

Осындай тексеру тәртібі тізімнің қайталануына жол бермейді. Әрбір азамат сайлау тізіміне бір рет қана енгізіледі. Сонымен қатар, сайлаушыларға өздерінің тізімдерде бар-жоғын жеке тексеруге мүмкіндік беріледі.

«Дауыс беру күніне 20 күн қалғанда, яғни 26 ақпанда тұрақты тұратын жердегі сайлаушылардың тізімдері сайлау учаскелеріне тапсырылуы тиіс. Сайлау учаскесі бес күн ішінде оларды таныстыруға дайындайды. 4 наурыздан бастап әрбір сайлау учаскесі бойынша тізімдер көпшілік назарына ұсынылуы керек. Яғни әр азамат сайлау учаскесіне келіп, тізімге енгізілгенін немесе өзі туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеруге құқылы», - деді Константин Петров.

 

Бұл тұрғыда 2023 жылғы 4 наурыздан бастап учаскедегі сайлаушылар тізіміндегі деректері тексеру мүмкіндігі беріледі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT