Қазіргі таңда Қазақстан сыбайлас жемқорлықтан ада заманауи және құқықтық мемлекеттің өзіндік моделін құруда.
Құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің жоғарылауы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер беру сапасының жақсаруы, қолайлы инвестициялық ахуал – мұның бәрінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді саясаттың жүйелі және рет-ретімен жүзеге асырылуы маңызды рөл атқарады. Мұндағы түйінді механизмдер төмендегі бағдарлар болды: ашық және есептілікті мемлекет, заң үстемдігін, клиентке бағыттылықты және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтардыруды қамтамасыз ететін кәсіпқой мемлекеттік аппарат.
Қазіргі уақытта мемлекеттік органдардың біртұтас сайтын құру бойынша жұмыстар атқарылуда. Азаматтар үшін ыңғайлы «бір терезе» форматы қолданушыға мемлекеттік органдардың 300-ден асатын сайтына жүгінбестен, қажетті ақпаратты бір ресурстан табуға мүмкіндік береді. Сонымент қатар, мемлекеттік аппараттың азаматтармен өзара қарым-қатынасы «тұтынушыға бағытталу», қызмет алудың ашықтығы мен қолжетімділігі қағидаттарында құрылуда.
Махамбет ауданы бойынша 2019 жылдың 12 айының қорытындысымен барлығы 29320 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның 6466-ы Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік органмен (ведомстволық бағыныстағы мекемемен) көрсетілген, ал 7055-і мемлекеттік органда (ведомстволық бағыныстағы мекемемен) көрсетілген. Электронды форматта көрсетілген қызметтер саны –15799.
Электронды қызметтерді алу үшін жергілікті атқарушы органдардың барлық деңгейлерінде, дербес бөлімдерде, мектептерде, емханаларда 50-ден астам өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді. Жоғарыда айтылған барлық шаралар азаматтардың мемлекетпен өзара іс-қимылының ашықтығы мен қолайлылығына ғана емес, сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың және мемлекеттік органдарға деген сенімді арттырудың қуатты құралы болып табылады.
Ғибрат Мырзағали,
Махамбет ауданы әкімі аппаратының
бас инспекторы