21 мамыр - ЖИТС-тен көз жұмғандарды еске алу күні

Қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың бастамасымен жыл сайын мамырдың үшінші жексенбісінде жұқтырылған иммун тапшылығы  синдромынан (ЖИТС/СПИД) көз жұмғандарды еске алу күні атап өтіледі. Халықаралық еске алу күнінің басты мақсаты – қоғам назарын адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) инфекциясының таралуы және АИТВ жұқтырғандарды әлеуметтік қорғау мәселесіне аудару. 

Атырау облысында 2023 жылдың 4 айында АИТВ инфекциясын жұқтырған  17 адам анықталды, 2022  жылы 4 айда – 25 адам тіркелген болатын.  

Облыстық ЖИТС орталығында АИТВ инфекциясын жұқтырған  328  адам диспансерлік есепте тұр. Облыста алғаш  АИТВ анықталған 1993 жылдан  бастап  13 адам  ЖИТС-тен көз жұмған. 

ХХ ғасырда АИТВ инфекциясы емделмеген жағдайда ЖИТС сатысына ұласып,  дүние жүзінде  көптеген  жандарға қасірет әкелсе, қазіргі таңда заманауи дәрі-дәрмектердің арқасында уақытында анықталып, үздіксіз ем алған  адамдардың сапалы ұзақ өмірін сақтап қалуға толық мүмкіндік бар.  

Атырау облысы бойынша АИТВ инфекциясына тексерілу тегін, ол үшін облыстық ЖИТС орталығына немесе жергілікті емханаға барып қан тапсыру (анонимді түрде де болады) қажет.  
ЖИТС орталығының сенім телефоны: 21-11-03.   

Атырау облыстық ЖИТС пен күрес және алдын алу  орталығының баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз