2026 жылға арналған ҮЕҰ-ға мемлекеттік гранттар беру конкурсы басталды

Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының тапсырысы бойынша үкіметтік емес ұйымдарды қысқа мерзімді гранттар конкурсына қатысуға шақырамыз.

Қысқа мерзімді гранттар саны: 8

Біз төмендегі 8 бағыт бойынша жобаларды жүзеге асыруға дайын үкіметтік емес ұйымдарды іздейміз: 
•    Атырау облысында  ҚАЖ мекемелерінде жазасын өтеп жүрген азаматтар үшін қолөнер мен  көркем шығармашылық секцияларын ашу;                   
•    «Креативті кадр»  Атырау облысының елдімекендерінің тыныс-тіршілігінен   фото-байқау;
•    «Киелі мекен» тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау клубы;
•    «Legacy»  Атырау облысының тарихи-мәдени мұрасы туралы бейнероликтер циклі;
•    «Жайық жырлайды» қазақ поэзиясының құндылығын насихаттауға арналған іс-шаралар кешені;
•    «ТАНЫМ»  ұлттық құндылықтарды, материалдық емес мәдени мұраны  насихаттауға арналған  байқау;
•    «Zero Waste» (Қалдықсыз)  қолөнершілер көрме-байқауы;
•    «Адалдық жаршысы» республикалық жазба ақындардың жабық мүшайрасы.

 Өтінім қабылдау мерзімі: 

Қысқа мерзімді гранттар бойынша 15 (он бес) жұмыс
күні ішінде 2026 жылғы 16 ақпан мен 6
наурыз аралығында сағат 18:30-ға дейін


Қатысуға тек деректер базасында тіркелген ҮЕҰ-лар рұқсат етіледі.


Конкурс және жобаларға қойылатын талаптар туралы толық ақпаратты https://cisc.kz/ сайтынан «Гранттар» => «Гранттар туралы хабарламалар» бөлімінен алуға болады.


Байланыс үшін: 
+7 (702) 984 98 06
+7 (7172) 79 04 31
+7 (7172) 79 08 07

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT