Махамбет аудандық сотында талап қоюшы Г-ның жауапкер Е-ге неке бұзу туралы азаматтық ісі қаралды.
Іс-құжаттарында, тараптардың арасында неке 2010 жылы қиылғанын. Араларында ортақ кәмелетке толмаған бір баласы бар екенін. Талап қоюшы неке бұзуға себеп ретінде жауапкермен бірге тұруға және отбасын сақтауға мүмкіншілік жоқтығын көрсетіп, неке бұзуын сұраған.
Талап арыз өндіріске түскеннен кейін 5 күн ішінде, тараптар өзара татуласқандарын, араларындағы отбасылық келіспеушілік мәселелерді медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхат беріп, медиацияны іс жүргізуінде ісі жатқан судьяның өзі өткізуін сұраған.
Сотпен талап қоюшы Г-мен жауапкер Е-ге неке бұзу туралы талап арызымен қозғалған азаматтық іс бойынша дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы тараптардың келісімдері бекітіліп, жауапкер Е.мен талапкер Г. Екеуара бір-бірінен кешірім сұрап, ішкі отбасылық мәселелерді шешу кезінде бір-бірінің пікірін ескеруге және отбасын сақтап қалу мақсатында татуласып, неке бұзу туралы талабынан бас тартты.
Аталған азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.
Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.
Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі
Сурет:дереккөз