1 наурыз күні Атырауда дабыл жүйесі іске қосылады

Назар аударыңыз! Халықты хабардар ету жүйесін тексеру

Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін Республикалық тексеру аясында Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті 2023 жылғы 1 наурызында сағат 8.00-ден 11.00-ге дейінгі кезеңде Атырау облысы халқын құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеру жүргізеді. 

«Баршаның назарына!!!» дыбыстық сигналы - бұл қауіп төнген немесе төтенше жағдай туындаған кезде барлық шұғыл хабарламаларды жібермес бұрын халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту сигналы.

Дыбыстық сигналды естіген кезде теледидарлар мен радиоқабылдағыштарды қосып, қалыптасқан жағдайда одан әрі іс-қимыл жасау жөніндегі нұсқаулықтарды алу үшін интернет-ресурстарда ақпаратты оқып шығуыңыз керек.

Барлықтарыңызды сигнал бойынша ешқандай әрекет жасамауды, тыныштық пен тәртіпті сақтауды сұраймыз.

Атырау облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT