1 маусымнан бастап Қазақстан қалалары арасындағы блок-бекеттер алынады

Қазақстан қалалары арасындағы блокпостар алынады.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР ИИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ведомствоаралық комиссияның 1 маусымнан қалалар арасында блок-бекеттерді алып тастау шешіміне сәйкес, 5 маусымнан тасымалдау шараларын жандандыру бойынша жұмыстар іске асырылады», - деді Ж. Тайжанов.

Оның сөзіне қарағанда, автобуспен жолаушыларды тасымалдау кезінде тасымалдаушылардың тиісті жұмыс алгоритмі бас санитарлық дәрігер қаулысы талаптарын ескере отырып әзірленді.

Осы орайда бағдардың соңғы пунктерінде автобустарды залалсыздандыру, көлік салонына тек медициналық бетпердемен отырғызу, сондай-ақ басқа да қауіпсіздік талаптары ескерілген.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT