«2019 – жастар жылына» орай «Auyl LIFE!» атты жас таланттылардың өнер фестивалі аясында жұма күні Жалғансай ауылдық округінің өнерлі жастары "Жастар" демалыс саябағында өз концерттік бағдарламасын ұсынды.
Сазды бағдарламаны Жалғансай ауылының әкімі Садиқов Кенжебай Жылқыбайұлы сөз сөйлеп ашты. Ауыл жастарынан құралған «Танылмаған талантар» көңілді тапқырлар командасы өздерінің қазақы әзіл-қалжыңдарымен көрермендер көңілінен шықты.
Жалғансай ауылының «Аруназ» бишілер тобының «Қазақ», «Өзбек» билері, «Жалынды жастар» бишілер тобы «Алға»,«Қара жорға» билерін мың бұрала биле, көпті тәнті етті.
Сонымен қатар Зухра Ержанова домбырамен Құрманғазының «Адай» күйін орындап, түрлі әндер шырқалды.
Өз тілшіміз