Суретші Отарбай Кендірдің жеке шығармашылық көрмесі өтті

Аудандық тарихи-өлкетану музейінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Қазақ дизайн академиясының академигі, Қазақстан Республикасы көркем академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстан Республикасы Суретшілер және еуразиялық дизайнерлер Одағының мүшесі Кендір Отарбай Қанатұлының «Қылқалам ұшындағы тарих» атты жеке шығармашылық көрмесі өтті.

Аудан әкімінің орынбасары Света Аманшиева қылқаламшеберін жеке көрмесінің ашылу салтанатымен құттықтап, аудан әкімінің алғыс хатын табыс етті.

Келесі кезекте сөз алған «Сарайшық мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» директоры, тарих ғылымдарыныңдокторы, профессор Әбілсейіт Мұхтар суретшініңшығармашылығына тоқталды.

-Бүгінгі шараның өзіндік ерекшелігі бар. Өйткені, ауданжұртшылығы Сарайшық музей қорығынан бұрынжәдігерлермен танысса, енді тамаша туындыларментанысқалы отыр. Ол туындылардың авторы Отарбай Кендірзамандасымыз. Ол тек Атырау облысына ғана емес, елімізге, көршілес Астрахан облысына кеңінен танымал азамат. Өткен жылдан бері бізде жұмыс жасап келеді. Отарбайдыңтағы бір ерекшелігі – қалыпқа келтіруші мамандығынигерген. Бүгінде Сарайшық қазбаларынан табылғанжүздеген жәдігерлерді қалыпқа келтірді. Бүгінгі шарада көрмені тамашалаушылар еліміздің тарихына бойлайды, Отарбайдың шын талантымен танысады деген ойдамыз- депалғыс хат пен ескерткіш сыйлығын ұсынды.

603be882-a7ed-48a6-ada7-55029dcfed02

-Ақын өлең шығарса, жазушы кітап жазса, оның өзінің оқырманы болады. Әншінің де өз тыңдарманы бар. Солсияқты суретшінің де өз көрермені болуға тиісті. Суреттісалғаннан кейін жұртқа көрсетуге асығып тұрамыз. Өнердеген тұңғиық. Оның түбіне немесе биіктігіне жету мүмкінемес. Өнер деген өте киелі нәрсе. Тұңғиыққа тереңдепкетсеңіз өмірден шет қалып қоясыз. Барлық ойымызтұңғиыққа жету болады. Атақты суретші Вангоктың өзісурет өнерінің тұңғиығына жетем деп жынданып кеткенін, өзінің портретін салу кезінде құлағын келістіре алмай, ақырсоңында құлағын кесіп тастағанын тарихтан білеміз. Өзбасым тұңғиыққа жетем, биіктігіне шығам депталпынбаймын. 40 жылдай ұстаз болдым. Бейнелеу жәнекескіндеме өнерін қатар алып жүрдім. Зейнетке шыққан соңӘбілсейіттің шақыртуымен Сарайшық музейіне келдім, – деді өз кезегінде суретші Отарбай Қанатұлы.

Көрменің лентасын қию рәсімі профессор Әбілсейіт Мұхтармен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы ЕрмекСабировқа жолданды. Одан әрі қалың көпшілік суретшініңжеке шығармашылық көрмесін тамашалады.

Көрмеге қойылған суреттердің ішінде көпшіліктің назарын аударған туындылар көп болды.

08d42f1d-0b58-465b-af30-dcd55de78c30

–Бұл суреттің аты «Ақшақыр» деп аталады. Бала күнімізде сауысқан келіп, шықылықтағанда әжелеріміз «ақшақыр» деп айтатын. Ол жақсы жаңалық алып кел дегенырым болатын. Ал мынау – Ұлытаудың етегіндегі 200 жылдық бәйтерек. Сол аймаққа сапар кезінде 80-ге келгенәжеден бәйтерек туралы сұрағанымды «мен 20 жасымдакелін болып түскенде осындай еді» деген жауап алдым. Демек кәрі бәйтеректің жасы 200-дің шамасы болар дептопшыладым. Келесі туындым – Еркінқаланың тұсындағықарт Жайықтың жағасындағы қайықтар. Қаз- қалпындасалынған. «Менің балалық шағым» және «Әкемнің құнаны» туындылары, өзімнің балалық шағымдағы естеліктерімебайланысты салынған суреттер. Мен қой баққан шопанныңбаласымын. Қой жаюға шыққанда үнемі атты қоя беріп, қошқарға мініп, шапқанды жақсы көрдім. Әкем шопанболып, қойдың жайын жақсы білумен қатар жылқының да жақсысын тани білген адам болды. Өзінің сүйікті құнанынүнемі бәйгеге қосып жүрді. Құрманғазыда жануар бәйгеніңалдын берген емес. Бір жолы облыстан да әкеме бас бәйгеніалып берді. Екінші рет облысқа келген кезінде бір қаскөйәкемнің үзеңгісін білдіртпей кесіп қойған екен. Шауып кележатып, қатты шіренгенде үзеңгі үзіліп кетіп, әкем аттанауып кетеді. Осыдан соң әкем ренжіп, атын бәйгеге қоспайқойды. Құнаны қартайып өлді, – деді туындыларыныңәрқайсысына жеке тоқталып, тарихын түсіндірген суретші. Көрмеге бұлардан бөлек Индер ауданына қарасты Бөденеауылындағы Жайықтың етегіндегі бәйтеректің бейнесі ,адамның ғұмырынан сыр шертетін философиялық туынды, Секеркөлдегі аққулар, бірін-бірі қайталамайтынқұлпытастар, оюлар сыры, Үштағандағы тау бұйраттардыңбейнеленген туындылар көрерменді шынайылығымен таңқалдырды.

Көрмеге сонымен қатар Отарбай Қанатұлының қолымен қалпына келтірілген Сарайшық жәдігерлері де қойылды.

Б.СҮЙЕУОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT