Нұрсұлтан Назарбаев Қоры «Қайырымдылық керуені» V республикалық байқауының басталғанын жариялайды

Бесінші рет өткізіліп отырған «Қайырымдылық керуені» байқауы игі іс жасайтын, қол ұшын созатын жандарды анықтауға, халықтың азаматтық бастамасын жандандыруға және мейірімділік, гуманизм сияқты адамгершілік құндылықтарды нығайтуға бағытталған.

Байқау жыл сайын Қазақстанның дамуына қомақты үлес қосқан батыл, қамқор жандарды, меценаттар мен нағыз патриоттарды анықтайды. Байқауды Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы, «КТК» телеарнасы жүзеге асырады.   Байқауға әлеуметтік, қоғамдық мәселелерді шешуге үлестерін қосатын және өзгелерді өздерінің игі ісімен ынталандыратын жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.  

Байқауға кәсіпкерлік субъектілері, қайырымдылық қызметі мемлекеттік қолдаумен (мемлекеттік грант, мемлекеттік тапсырыс және т.б.) байланысты адамдар қатыса алмайды. Лауреаттар мына номинациялар бойынша анықталады:

– «Асар» номинациясы халықтық салт-дәстүрді сақтауға бағытталған қайырымдылық қызметті атқаратын жандарға табысталады;  

– «Туған жер» номинациясы білім беру, экология және абаттандыру, мәдени нысандарды қалпына келтіру және т.б. салаларда туған өлкесіне қайырымдылық көрсеткен лауреатқа табысталады;  

– «Батыл жүрек» номинациясы ерлік пен қайсарлық танытқан адамдарға беріледі. Бұл номинация шеңберінде шұғыл қызмет (ТЖ, ІІМ, Жедел жәрдем және т. б.) қызметкерлерінің арасында ең үздіктерге қосымша жеңімпаз атағы берілуі мүмкін;  

– «Мейірім жолында» номинациясы белгілі бір уақыт аралығында тұрақты түрде өтеусіз көмек көрсеткен жандарға беріледі;  

– «Қайырымдылық тарихы» номинациясы қайырымдылық, әлеуметтік мәселелерді үздік жариялағаны үшін журналистке немесе шығармашылық ұжымға беріледі;

  – «Бала жүрегі» номинациясы төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі мен батырлығы және қайырымдылық іске қатысқаны үшін 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге беріледі.

– «Жануарға мейірім» номинациясы жануарларды қорғайтын, оларды асырауға көмектесетін, сонымен бірге, жануарлар әлеміне қатысты мейірімділік пен қайырымдылықты насихаттайтын лауреатқа беріледі.

  Байқауға қатысуға өтінімдер 2022 жылдың 30 желтоқсанына дейін қабылданады. Байқауға қатысу туралы толық ақпаратты www.fnn.kz, www.businesswomen.kz сайттарынан табуға болады. Анықтама телефоны: 87015778685, 87056801824 Төлеева Фатима Набидоллақызы.

Сайлау

y

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Жайық суын молайту үшін не істеу керек?

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.
Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

 

ZERO.kz

Яндекс.Метрика