Ән мен биден шашу шашты

Фото: zh-shugylasy.kz

 «Өнерпаз» мәдениет үйі жанындағы үйірмелердің есеп беру концерті өтті. Мәдениет үйі жанында терме, драма үйірмелері, хор ұжымы, «Қазына» ардагерлер ансамблі, «Сайран» вокалды-аспаптар ансамблі, «Еркем-ай, «Әсем-ай» би үйірмелері, «Ақжайық» балалар ансамблі, халықтық «Атамұра» ұлт аспаптар оркестрі жұмыс істейді. Сонымен қатар, есеп беру концертінде Р.Тарихованың терме үйірмесі, А.Төлеуовтің «Ақжайық» вокалды ансамблі, З.Қадимованың «Әсем-ай», «Еркем-ай» би үйірмесінің талантты шәкірттері өнер көрсетті.

 Кеш шымылдығын «Әсем-ай» бишілері «Шашу» биімен ашты. Терме үйірмесінің кіші топ қатысушылары «Біз – өмірдің гүліміз» әнін термелетсе, «Әсем-ай» бишілері орыс биі «Вертушкиді» биледі.

Өнерпаз Жанель Камашова «Гүлдер» әнін тамылжыта шырқаса, «Еркем-ай» бишілері өзбектің «Ан­дижан полькасын» билегенде қол соқпаған жан қалмады.

«Әсем-ай» тобының бишілері «Арыс жағасында» әніне би би­леп, терме үйірмесінің үлкен топ қатысушылары Қадір Мырза Әлінің «Қазақ осы» әнін орындауымен көзге түсті.

Іңкәр Рүстемқызы үнді биімен көпті тамсантса, «Еркем-ай» бишілері «Бақытты балалық шақ» биімен көрінді. Сондай ақ, биші қыз Тахмира Тахир «Ерке қыз» биін, «Еркем-айдың» кіші топ бишілері «Шаттық» биін, «Әсем-ай» бишілері татардың «Бас кизим» биін билеп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. «Еркем-ай» бишілері за­манауи бимен қатар, «Перфект» әніне қойылған вальсті алты жұп бо­лып дайындаған екен. Термешілер болса, «Ақ бұлақ» әнін әуелете орындап шықты. «Ақжайық» ансамблінің әншісі Қарақат Әділбек гитарамен «Керексің», «Сүйемін» әндерін шырқауымен есте қалды. Мөлдір Әлібиқызы мен Айсана Жұмабек дуэті «Дети Казахстана» әнін тым-тәуір орындады.

«Ақжайық» ансамблі әншілерінің «Бір үйдің баласындай» әнімен есеп беру концерті өз мәресіне жетті. «Өнерпаз» мәдениет үйі басшысының орынбасары Берік Әбілдай шараны қорытындылап, да­рынды шәкірттер өнеріне, олардың ата-аналарына ризашылығын білдірді.

А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT