Мүсіншілер Мақатқа 10 экспозиция тарту етпек

Бүгінгі таңда Мақатта ауданның 95 жылдығы және қазақ мұнайының игерілуіне 120 жыл толуына орай мүсіншілердің симпозиумы өтуде, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.Шараға Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан арнайы келген жас мүсіншілер қатысуда.

Бір ай ішінде олар жобаларды талқылап және идеяларымен бөліседі. Қатысушылар Мақат өңірінде алғашқы рет келіп отыр. Олар тәулігіне он екі сағат жұмыс жасайды. Бір ай ішінде мүсіншілер 10 экспозициялық жұмыстарын аяқтауы тиіс.

simpoz1

- Олар өздерінің жұмыстарын қыркүйек айында аяқтап, арнайы комиссия құрамы симпозиумның қорытындысын шығарады. Жасалған жұмыстар Мақат кентіне қойылатын болады. Бұл іс-шара "Рухани жаңғыру"мемлекеттік бағдарламасы аясында өткізілуде. Біз халқымыздың ежелгі дәстүрлерін жаңғырта отырып, рухани-мәдени іс-шараларды ұйымдастыру арқылы ұлттық сана-сезімді дамытудамыз. Қазіргі таңда рухани жаңғыру ең өзекті және маңызды міндеттердің бірі, - дейді Мақат аудананың әкімі Жұмабай Қарағаев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521