Мұнайлы астанада туристер саны артып келеді

Өткен жылдың өзінде ғана 142 мыңнан астам турист мұнайлы астананың тарихи және мәдени мұраларымен танысты, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Мұнайлы астанада Ресей мен Франция сияқты дамыған елдердегідей белсенді туристтер саны артып келеді. Атырау облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Қарлығаш Бекбаеваның айтуынша, шетелдік қонақтар агроөнеркәсіптік кешен нысандарына, атап айтқанда, түйе, жылқы және басқа да шаруашылықтарға үлкен қызығушылық танытып отыр.

- Іскерлік туризм жақсы нәтиже көрсетуде, өткен жылы ішкі туризм бойынша бізге 142 033 шетелдік қонақтар келді. Тек демалуға келгендер саны қаншама, әрине, оларды статистикалық мәліметтермен қамту мүмкін емес. Біздің ғажайып табиғи аймағымыз, Қиғаш өзенінің жағалауларының таза ауасы экотуризмді дамыту үшін үлкен мүмкіндіктерге ие, бұл жерде демалыс орталықтарында аңшылық пен балық аулау ұйымдастырылған. Туристтер үшін облыс аумағында маршруттар, авто және велошерулер ыңғайластырылған. Аталған шерулер негізінен Франция, Италия, Германия, Қытай және басқа елдерден келген экспедициялармен жүзеге асырылады, - деді Қарлығаш Бекбаева.

Атырау облысының Өңірлік

коммуникациялар қызметі

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT