Маржан ақын жырларымен тілдескенде

Елімізге танымал ақын, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі Маржан Ершу «Өнерпаз» мәдениет үйінде жыр сүйер қауыммен жүздесті.

Кездесу кешін аналар қоғамдық бірлестігінің төрайымы Жібек Шамалиқызы жүргізіп отырды. Ақын қызбен, оның қаламынан туған «Феномен-Ерік Құрманғалиев» кітап-альбомын таныстыруды көздейтінін қаперледі. Жазушы М.Ершудің Исатай-Махамбет, Құрманғазы, Хиуаз Доспанова сынды поэма, дастандар жазғанын білеміз.

marjan

Өз кезегінде Маржан ақын «Исатай-Махамбет» поэмасының «Жайық асу» бөлімін мәнерлеп оқығанда зал сілтідей тынды. «Жайық асу» деген күй де бар болып шықты. Белгілі ұшқыш, батыр Х.Доспановамен көзі тірісінде қалай кездескенін, өзін періштеге балағанын әсерлі әңгімеледі. Әйек деген бүркеншік есімді біртуар азамат, танымал тұлға, қазіргі Ресейдегі елші И.Тасмағамбетов қойған екен. Бүгінде ақынның 13 кітабы шыққан. Өнерпаз Е.Ғафуров «Менің әкем жақсы адам» әнін тамылжыта шырқады.

gapyrov

Кеште Маржан соңғы кездері жарық көрген «Феномен-Ерік Құрманғалиев» кітабы туралы сыр шертті. Бұл мәселені сонау 2010 жылдан бері қозғап келе жатқанын, Атырау қаласындағы Азаттық, 20-да ескерткіш тақта орнатылғанын, бәрі облыс әкімі Н.Ноғаевтың арқасында жүзеге асқанын, облыста ескерткіш тақта, Еріктің кеші өткенін айтты. «Әттен, дүние» әні зал ішін кернеп кетті. Кеште ардагер-ұстаз Ә.Молдашев Маржан туралы жылы лебізін білдіріп, әкесі туралы да сыр шертіп, бір өлеңін оқып берді. Белгілі спортшы, «Махамбет ауданының Құрметті азаматы» Ж.Сұлтанов Ерік өзіне жиен болып келетінін, әлемге танымал әншінің 60 жылдығы атап өтіліп, даңқы шыққанына ризашылығын білдірді. Ол Махамбетте әншінің нағашысы Файзолла тұратынын, оның Бақсайға келгенін талай көргенін, отбасында Серік, Берік деген бауырлары болғанын еске алып, ауылға келген сайын аунап-қунап, бір жасап қалатынын, бойында туған жерге деген ерекше махаббатын аңғарғанын, әрі Маржанға Ерік есімін әлемге танытқаны үшін алғыс айтты. Халық әні «Бүлдіргенді» Н.Нұрмолдаева орындады.

marjan1

m

Маржан аудармамен шұғылданатынын, әсіресе, түрік жазушыларынан «Сезім өзегі» романын аударғанын, «Қожанасыр жырлайды» деген кітабы шыққанын, алдағы уақытта венгр жігіт пен Айша қыз махаббаты туралы жазып жатқанын айтып, «Дастан», «Олар», «35 жас» өлеңдерін оқыды. Маржан Ершу «Атырау-қалам» әнінің сөзін жазған автор болып шықты. Алтын алқа иегері К.Айбасова кештен рухани ләззат алғанын айтып, алғысын жаудырды.

Аудан әкімінің орынбасары С.Аманшиева да кештің мазмұнды өткенін, Ерік кітабының тұсаукесері облыста өткенін айтып, «Алғыс хат» пен сый-сияпатын ұсынды. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Н.Саменов те Маржанның ақиық ақын Фаризаның жолын қуып, танымал тұлғаға айналғанын, әлем әдебиетінен аударма жасап, халыққа ұсынып жатқанынына ризашылығын білдіріп, шығармашылық шабыт тіледі.

marjan5

А.Қуанышқалиева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521