Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" деген тақырыппен халыққа жолдаған жолдауынан халықтың күтер үміті зор.
Мемлекет басшысы өзі атап көрсеткендей, елімізде түйіні шешілмей тұрған жағдайлар басым.Еліміздің дамып, өркендеуі үшін алдағы уақытта атқарылар қызметтер жетерлік. Жолдауда бір емес, бірнеше мәселе төңірегінде сөз қозғалды, тапсырмалар нақтылы берілді. Қазіргі жас жеткіншек, келешек ұрпақ үшін ең маңыздысы бұл-білім.
«Мәдениетіміздің негізі – білім. Білімге тіл арқылы жетіледі. Білімді жұрттардың тілі бай болады» деген Атырау алыбы Халел Досмұхамедұлы. Қазақ тілінің дамып, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңнің де туарына сенім білдірді. Қазіргі таңда орта және жоғары оқу орындарындағы қолайсыздықтарды, жастардың оқуға, грантқа іліне алмай қалуын, ең қиыны дипломды сататын және сатып алатындардың бар екендігінің анықталып отырғандығы. Осы бағыт бойынша, оқу аяқтаған жастардың өз еркімен жұмысқа орналаса алмауы, техникалық бағыттағы жұмыс жасайтын мекемелерге мамандарды шет елден шақыртылып жатқаны жасырын емес. Осы мәселелерден кейінгі жастардың жұмыссыздығы өршіп отыр. Бұдан әрі жағдайлар шешімін тауып, жұмыссыздар саны азаярына сенеміз. Сондай-ақ, мәдениет саласы да бұл жолдаудан тыс қалған жоқ.
«Мәдениет қызметкерлерін қолдау» бөлімі бойынша, Елбасы: «Біз мәдениет саласында жұмыс істейтін азаматтарға жеткілікті түрде көңіл бөлмей отырмыз.Бұл – ең алдымен, кітапхана, музей, театр қызметкерлеріне қатысты мәселе. Олардың еңбекақысы соңғы жылдары мүлде көбейген жоқ. Соның салдарынан мәдениет қызметкерлері, әсіресе жас мамандар жеңілдігі бар тұрғын үй бағдарламаларына қатыса алмайды. Мұндай ахуал осы кәсіптің беделін түсіріп, лайықты кадрлардың тапшылығы айқын сезілуде. Келесі жылдан бастап үкімет мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысын көбейтуі тиіс.
Сондай-ақ, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы міндетті әлеуметтік жеңілдіктер мәдениет саласының өкілдеріне де берілуі керек» деген болатын. Бұл тұсы мәдениет саласы қызметкерлері үшін аса қуанарлық жағдай. Еңбектің еленіп жатқаны, алдағы уақытта әр сала мамандарына күш-жігер, сенім береді. Халқымызды толғандырған әр мәселені, еліміздің дамуы жолындағы жұмыстарды бірге атқаруға, ел, тіл тағдырына жаны ашитын әр азаматты Президентпен бірге болуға шақырамын.
Ару Аманғалиева,
Махамбет аудандық
орталық кітапхана маманы