Мағжан жыры мәңгілік

Қазақ елі, жерін сүюдің үлгі болатын тұлғалар тарихта аз емес.

Солардың бірі, ақиық ақын Мағжан Жұмабаев кеңес өкіметінің 70 жылдық тұсында казақ әдебиетінің тарихынан жазықсыз сызылып тасталған тұлғалардың бірі. Азат өмір, халқының тәуелсіз ел болғанын көруге ұмтылған, айбынды ақын М.Жұмабаев араға ондаған жылдар салып, ел-жұртымен қайта қауышты. Мағжан оқулары бүгінде Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асты. «Нұр Отан» партиясының бастамасымен құрылған «Коверкинг» орталығында «Мағжан жыры мәңгілік» атты Мағжан оқулары өткен-ді. Кітапхананың балалармен жұмыс жөніндегі орынбасары Зада Енбаева бұл шара қазақтың көрнекті ақыны, бес арыстың бірі Мағжан Жұмабевтың туғанына 125 жылдығына орай, елімізде 2018 жыл «Мағжан жылы» деп жарияланғанын еске салды. Кітапханашы Г.Есқалиева «Терең ойлы, сөз маржаны-Мағжан» кітап көрмесін слайдтан көрсете отырып, ұлы ақын Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен қызметіне, шығармашылығына тоқталды. О.Шонаев мектебінің оқушылары «Мен жастарға сенемін!» әдеби-монтажында ақынның өршіл рухты өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Мұнан әрі шара «Мағжан оқуларына» жалғасты.

Байқаудың бірінші бөлімі «Өлеңім менің-шолпаным, айым-күнім» бөлімінде оқушылар Мағжан жырларын жатқа оқыды. О.Шонаев атындағы орта мектептің 6 «б» сынып оқушысы А.Халел «Сағындым», «Сүйемін» өлеңдерін оқыса, Д.Төленов мектеп-гимназиясының 5 сынып оқушысы Т. Әміржан «Ана тілі», «Ескі шаһар» өлеңдерін оқуымен есте қалды. Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінің 9 сынып оқушысы М. Лұқпанов «Анама» өлеңін мәнерлеп оқыды. Екінші бөлім «Толқынмен толқын сырласып» бөлімінде Н. Мүсен(О.Шонаев) «Батыр Баян» поэмасын жатқа айтса, Б. Нәсім(Д.Төленов м/г) «Қойлыбайдың қобызы» поэмасын мәнерлеп оқуымен ерекше көзге түсті. Ал М.Бисенбаеваның «Жүсіпхан» поэмасын мәнерлеп оқығанына жұртшылық тәнті болды. «Білсін әлем мәңгі жасар Мағжанын» бөлімінде А.Талғат(О.Шонаев) «Мағжанға арнауын» оқыса, Б.Галимова(Д.Төленов м-г) да өзінің балғын жырын Мағжанға арнапты. М.Жеңіс ақын Ә.Қасымовтың «Мағжанға арнау» өлеңіне тоқталса, Е.Ағелеуов атындағы орта мектептің оқушысы Ш.Төлегенова «Мағжанға арнауымен» көрінді.

Көрермендермен «Мағжан ізімен» әдеби ойыны ойналды. О.Шонаев атындағы орта мектептің мұғалімі, әділқазы Т.Ибрашева көптен бері өзі үкілеп жүрген шәкірттерімен, сыныбымен келгенін, Мағжанның сыршыл, лирик ақын екенін, оның жыры өшпейтінін айтып, Мағжан жырын ұғындыру, өз өміріне пайдалануды меңзеді. Әділқазы мүшесі, Д.Төленов мектеп-гимназиясының мұғалімі Ж.Жұмаханова 9 оқушыға кітапхана атынан «Алғыс хат» тапсырды. Мағжан оқуларын аудандық кітапхананың балалармен жұмыс жөніндегі орынбасары З.Енбаева қорытындылап, қатысушыларға өз ризашылығын білдіріп, естелік сыйлықтарын тарту етті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521