Junior Eurovision 2019 байқауында Ержан Максим 2-ші орын алды

Қазақстандық 12 жастағы өнерпаз Ержан Максим Польшаның Гливице қаласында өткен Junior Eurovision 2019 байқауында екінші орын алды.

Жас вокалист "Арманнан қалма" атты әнді орындады.

Айта кетейік, ереже бойынша, жеңімпазды телекөрермендердің дауыс беру нәтижесі мен құрамына үшеуі ересек және екеуі балалардан құралған 5 адам, байқауға қатысушы елдердің төрешілері анықтады. Ержан 227 ұпай жинады. Бірінші орынды поляк орындаушысы Виктория Габор алды - 278 ұпай. Үшінші орын Испания әншісінде.

Жас дарынды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.

Дереккөз: tengrinews.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT