Құрманғазылық өнерпаздар облыс орталығының 382 жылдығына орай ән мен жырдан шашу шашты. Бүгін Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде өткен аузы дуалы абыздар мен ақиық ақындардың, қайсар, намысты батырлар мен озық ойлы, білімпаз ғалымдардың, дүлдүл күйшілер мен бұлбұл әншілердің құт мекенІ Құрманғазы өлкесінің мерекелік тартуына жұртшылық көптеп жиналды.
Мерекелік шара барысында ән мен жырдан бөлек мұнайлы өлкенің белгілі тұлғалары туралы сахналық қойылым көрермен назарына ұсынылды. Ауданның белгілі өнерпаздары «Ән - Атырау», әнін нақышына келтіре орындады. Ал, дәстүрлі әншілер қара домбыраның қоңыр әуенімен көпшілікті тәнті етті. -Қала тұрғындары мен қонақтарын айтулы мерекемен құттықтаймын! Кестеге сәйкес, бүгін Құрманғазы ауданының Атырау қаласының күндеріне 70-тен астам көркемөнерпаздар келіп өнер көрсетті. Әртүрлі жанрда шығармашылық нөмірлерімізді ұсынамыз. Көпшіліктің жүрегіне жол табамыз деген сенімдемін,-деді Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары Гүлнар Хасанова.
Айбөпе САБЫРОВА