Драма үйірмелерінің байқауы өткізілді

Ауданда алғаш рет драма үйірмелерінің байқауы болып өтті.

d

Қарашаның 12-де Ақжайық ауылының «Бақжайық» мәдениет үйінде басталған байқау, Бейбарыс ауылында жалғасын тауып, Жалғансайдың «Шалқыма» мәдениет үйінде қорытындыланды.

drama2

Бас-аяғы 9 ауылдық округтен 13 драмалық үйірме қатысып, өз өнерлерін сахнада көрсетті. Еркін тақырыпта таңдалған қойылымдардан декорация,гримм, сахна мәдениетінің сақталуы, рөлдердің шынайылығы, ең бастысы туындының көркемдік маңызы талап етілді.

d

«Болмасаң да ұқсап бақ» демекші, кәсіби әртіс болмаса да, әуесқойлықтың өзін белгілі бір дәрежеде кәсіби ойнап шыққан үйірме мүшелеріне көрермендер де ерекше ықыласын білдіріп отырды.

d

Шараны ұйымдастырушы Махамбет аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және «Өнерпаз» мәдениет үйі ұжымының негізгі мақсаты - осы өнерге деген жастардың қызығушылығын оятып, репертуарасын кеңейтіп, театрдың алғашқы баспалдағы саналатын сол драма үйірмелерінің жұмысын жандандыру болатын.

drama10

drdma1

dra

d

Байқаудың қорытындысы желтоқсан айында жарияланып, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі ұйымдастырылады. Бас жүлде мен арнаулы орындардан бөлек, «Үздік әйел адам бейнесі», «Үздік ер адам бейнесі», «Үздік декорация» сынды номинациялар да таңдалады.

Айнұр САТАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521