Бақсай жастары – бас жүлде иегері

12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай «Үздік ауыл жастары – 2022» байқауы өткізілді. Аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткізілген байқаудың басты мақсаты – ауылдың таланттыларын көпшілікке насихаттау, жас өнерпаздарды қолдау, жастарды шығармашылыққа баулу.

Байқау жеті кезеңнен тұрды. Алдымен өздерін көрермендер мен қазылар алқасына таныстырған қатысушылар кейін ән айтып, би билеп, күй тартып, байқаудың көрігін қыздыра түсті. Асық ату, ләңгі сынды ұлттық ойындарды дәріптеу мақсатында өткен спорттық сайысқа қатысып, сахналық көріністі де қойған жастар ең соңғы кезеңде ұйымдастырушылар тарапынан қойылған сұраққа мүдірмей қажет болды.

2d1c950f-c72d-4c31-8495-478a534677e6

Осы сындардан еш кедергісіз өтіп, суырылып алға шыққан Бақсай ауылдық округінің жастары байқаудың бас жүлдесін жеңіп алды. Махамбет ауылының командасы екінші орынға ие болса, ақтоғайлықтар үздік үштікті түйіндеді. Айта кету керек, бақсайлық жастар «Дәмханадағы дау» сахналық қойылымдары арқылы қазіргі күнгі өзекті күйінде қалып тұрған тіл мәселесін орынды көтере білді.

87162559-d16e-48cc-993b-e60c742168df

Сонымен қатар әр кезеңде қазылардың көңілінен шығып, жақсы өнер көрсеткендер де түрлі аталымдар бойынша марапатталды. Атап айтқанда, «Үздік әнші» болып ақтоғайлық өнерпаз Мубина Ахметқалиева танылса, «Үздік күйші» аталымы бақсайлық Нұр Ибатоллаға бұйырды. «Үздік спортшы» аталымын жалғансайлық Дархан Қабижан қанжығасына байласа, «Үздік биші» номинациясын махамбеттік «Әсем-ай» би тобы иеленді.

Барлық жеңімпаздар мен сайыстың үздіктеріне дипломмен қоса ақшалай сыйлықтар да табыс етілді. Дәстүрлі айналған бұл байқауды келер жылы ұйымдастыру эстафетасы Бақсай ауылдық округіне аманат етілді.

Қазбек АЙТҚАЛИҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT