Айбарымды асқақтатар – Ата Заң

Конституция мызғымас мемлекетіміздің алтын қазығы, бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдігіміздің бұлжымас бағдары, кемел келешегіміздің кепілі.

Жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналған Ата Заңымыздың 24 жылдығы ауданымызда жоғары деңгейде өтті. Еліміздің бас құжатының мерейлі мерекесіне арналған салтанатты жиында сөз алған аудан әкімі Жәрдемғали Бахуұлы барша махамбеттіктерді мерекемен құттықтады.

ata2

a

-Осыдан дәл 24 жыл бұрын Қазақстан халқы өз таңдауын жасап, тарихи шешім қабылдап, еліміздің Конституциясы бекітілді. Аз ғана уақыттың ішінде Ата Заңымыз өзінің заман талабына лайықты екенін көрсетті. Тұңғыш Президентіміз «Конституция біздің тәуелсіздігімізді нығайтып, мемлекет пен жалпы қоғамда мызғымас тұрақтылықты қалыптастырды» деп атап өткен болатын. Қазақстан қазіргі таңда әлемдік деңгейдегі қуатты ұлтқа, әлеуетті елге айналды. Мемлекетіміздің шекарасын шегелеп, іргемізді бекітті. Тағдыр тоғыстырған, тарих табыстырған түрлі ұлт өкілдері Конституция қағидаттары төңірегінде топтасты. Еуразияның жүрегінде орналасқан Елордамыз Нұрсұлтан қаласы әлемдегі руханияттың ірі орталығы, саясаттың іргелі ордасы ретінде танылды.

ata4

ata1

Әлемнің өркениетті елдерімен жан-жақты саяси тең дәрежеде қарым-қатынас қалыптастыру, ірі реформаларды жүргізу, демократиялық принциптерді құрметтеу, тұтастай Ата-Заңымыздың аясында атқарылып келеді – деді Ж.Бахуұлы. Конституция күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 27 шілдедегі №80-ші Жарлығы негізінде көп балалы ана Мейргүл Сәрсенова «Күміс алқамен» марапатталды.

Сонымен қатар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына атсалысып жүрген бір топ азаматтар мен азаматшалар облыс және аудан әкімінің, аудандық мәслихаттың «Алғыс хатына» ие болды. Айтулы күннің құрметіне Дина Нүрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі жанындағы жастардан құралған «Sarmad» этно-фольклорлық ансамблі күмбірлеген күйден шашу шашып, Халық әні «Әгугай», «Ахау керім» мен «Әләлімді», Бауыржан Ақтаевтың «Шашу», «Жамбыл толғау», «Қайран елім», «Алаш аманаты», «Көшпенділер рухы» туындыларын, сонымен қатар Махамбеттің «Жұмыр қылышын», Әбісамат Қазақбаевтың «Жаппас қобызын» орындады. Қазақтың дауылпаз, жетіген, қыл қобыз, домбыра секілді көне аспаптарынан төгілген әдемі үн, әсем әуез құлақтан кіріп, бойды алып көрерменнің құлағының құрышын қандырып, жанына рухани азық сыйлады. «Sarmad» этно-фольклорлық ансамблінің жетекшісі Бауыржан Ақтаев.

Б.Сүйеуова

Сурет:автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521